Song picture
Сағым
Comment Share
Free download
poetry esbolbozan
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға тол
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға толы. Есболдың өлеңдері мен аудиожазбалары әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда кеңінен таралған. «Адамның ұлы» (2018) 144 беттен тұратын өлеңдер жинағы. Бұл кітапта автор қазіргі заманның күрделі мәселелерін терең сезіммен жеткізеді. «Меланхолик» (2024) лирикалық поэзияға құрылған альбом. Бұл альбомда махаббат, жалғыздық, өткенге деген сағыныш пен болашаққа үміт сияқты тақырыптар қозғалады.
Song Info
Genre
Podcasts Poetry
Author
Есбол Бозан
Rights
Esbol Bozan
Uploaded
June 30, 2025
Track Files
MP3
MP3 1.3 MB 128 kbps 1:26
Lyrics
Қосылып жаңбырменен, Жылайды күз-жанарым. Амалсыз қалам алдым, Тағы да жыр жазамын! Сен маған көңіл бөлші, Салынып бір назарың. Өзіңсіз білесің ғой, Көңілдің сызданарын. Кіршіксіз дидарыңнан, Таптым мен гүл базарын. Бір мезгіл тіршіліктің Ұмытып күллі азабын. Көкейге шұғыласын, Төккенде сырлы ажарың. Айнам-ау сезбедің бе, Жүректе із қаларын? Көктегі жұлдыздардан, Сезініп түн ғажабын. Барасың сағымындай Жоғалып құм даланың. Байланды тәнім жіпсіз, Айналды мұзға жаным. Мен сені ұмытам ғой, Алайда, қызғанамын!
Comments
Please sign up or log in to post a comment.