Song picture
Сырласу
Comment Share
Free download
Ақын бұл өлең арқылы бүгінгі қоғамның рухани күйін сипаттайды. Жеңіл әндердің халық санасын улап, халықты рухани мешеу қылып жатқанын жырлайды. Ол ұлттың нағыз рухани көшбасшылары болған Шәкәрім, Әлихан, Әуезов секілді тұлғаларды сағына отырып, бүгін
poetry esbolbozan
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға тол
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға толы. Есболдың өлеңдері мен аудиожазбалары әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда кеңінен таралған. «Адамның ұлы» (2018) 144 беттен тұратын өлеңдер жинағы. Бұл кітапта автор қазіргі заманның күрделі мәселелерін терең сезіммен жеткізеді. «Меланхолик» (2024) лирикалық поэзияға құрылған альбом. Бұл альбомда махаббат, жалғыздық, өткенге деген сағыныш пен болашаққа үміт сияқты тақырыптар қозғалады.
Song Info
Genre
Podcasts Poetry
Author
Есбол Бозан
Rights
Esbol Bozan
Uploaded
June 30, 2025
Track Files
MP3
MP3 2.4 MB 192 kbps 1:45
Lyrics
Демеймін: «Қара өлеңнен қол үздім!» Таусылмайтын азығымыз ол біздің. Келмейді қара өлеңді тастағым, Менде қазір өзге бағыт, басқа мұң. Бізге мәлім: «Боркемік кім? Алып кім?» Жеңіл әндер соры болды халықтың. Оралса екен Шәкәрімдер қайтадан, Қуыс кеуде, ойсыздардан жалықтым. Ей ақыным, Елге болады кім үлгі? Шамаң жетсе, оқы оларға жырыңды. Сен ғана түсінер деп мұңымды, Саған айтып отырмын бар сырымды. Әлейханда, Әуезовте жоқ бүгін, Алақанмен ұстай алар шоқты кім? Дамыған ел болу үшін біздерге, Санамызға керек екен көп білім.
Comments
Please sign up or log in to post a comment.