Song picture
Гөзел
Comment Share
Free download
Бұл өлеңді өзім білетін бір аруға арнадым. Ол арудың мен үшін орны ерекше. Соңғы рет 2023 жылы көрген екенмін. Оның есімі мен үшін құпия күйінде қала берсін, тек айтарым ол арудың есімі "Г" әрпінен басталады. Бірақ Гөзел емес. "Гөзел" деген ол те
poetry esbolbozan
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға тол
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға толы. Есболдың өлеңдері мен аудиожазбалары әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда кеңінен таралған. «Адамның ұлы» (2018) 144 беттен тұратын өлеңдер жинағы. Бұл кітапта автор қазіргі заманның күрделі мәселелерін терең сезіммен жеткізеді. «Меланхолик» (2024) лирикалық поэзияға құрылған альбом. Бұл альбомда махаббат, жалғыздық, өткенге деген сағыныш пен болашаққа үміт сияқты тақырыптар қозғалады.
Song Info
Genre
Podcasts Poetry
Author
Есбол Бозан
Rights
Esbol Bozan
Uploaded
June 30, 2025
Track Files
MP3
MP3 2.4 MB 192 kbps 1:43
Lyrics
Сені ойлаумен өтіп жатыр әрбір кеш, Саған деген сезімімді жан білмес. Гөзелім, сен жүрші тек шаттанып, Аңсап қайтем махаббатты мәңгі өлмес. Келбетіңе көз жүгіртіп сыр тұнған, Ұрлана қарайтынмын сыртыңнан. Гөзелім, сен аққусың көлдегі, Мен сұңқармын қанаттары қырқылған. Секілді сенің дауысың тамаша ән, Қайта айналып келе ме енді қарашаң? Гөзелім, қаламын бір жеңілдеп, Мөлдіреген көздеріңе қарасам. Түбінде берерсің бір хабарын, Қалмасын көкіректе нала-мұң. Гөзелім, қаламасаң сен мені, Қоштасудан жоқ қой басқа амалым!
Comments
Please sign up or log in to post a comment.